Талдықорған-Өскемен тасжолының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Әсіресе, Алматы облысына қарасты трассаның 80 пайызы аяқталған. Талдықорған -Үшарал бағытындағы 314 шақырым жолдың 275 шақырымына асфальт төселді. Сонымен қатар, көп күткен Үшарал-Достық жолы да жаңғыртылуда. 180 шақырымға созылған бұл жолдың құрлысы келер жылдың соңында толық аяқталмақ.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.