Он бесінші сәуірден бастап жылыту маусымы аяқталады. Бекітілген заң бойынша ауа-райының температурасы +8 жеткенде жылуды өшіру шарт. Одан кейін алдағы жылыту маусымына дайындықтар басталады. Талдықорғанада 2022-2023 аралықтағы жылыту маусымында жылу жүйесінде ірілі-ұсақты 14 апат тіркеліпті. Барлығы дер кезінде қалпына келтірілді. Бұл сала тозуының салдары. Осыған байланысты, күзге дейін қаламыздағы бірнеше ықшам аудандарында жер асты құбырлар ауыстырылмақ.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.