Жақсының аты өлмейді. Талдықорғанда “Танымал журналист Бейсен Құранбектің тренингтерін ілгерлету мақсатындағы журналистік курс” жобасы басталды. Тағылымды шараға тілшіліктің қыр-сырын меңгеріп, телетіршілікті үйренемін деген кез-келген ниетті қатыса алады. Оқыту курсы тегін. Жобаны Бейсен Құранбектің әріптес, дос, шәкірттері қолға алған.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.