Талдықорғанда дәстүрге айналған «Халық заңгері» акциясы өтті. Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырырып, тегін кеңес беретін шараға прокуратура, Ішкі істер саласының мамандары мен жергілікті әкімшіліктегі барлық басқарма өкілдері қатысты. Сондай-ақ заңгерлер мен нотариус, медиаторлар тұрғындарды толғандырған сұрақтар бойынша кеңес берді. Жалпы шараны өткізуге облыстық прокуратура ұйытқы болған. Сала мамандарының айтуынша іс шара ның негізгі мақсатты халыққа кеңес беру ғана емес азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру және сауаттылықты дамытуды көздейді. Өйткені, акция кезінде мәселесін айтып келгендердің дені бір мезетте бірнеше маманға жолығып толыққанды кеңес ала алады деді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






