Наурызнама. Ұлтты ұйыстырған мереке. Ежелгі дәуірден бастау алған көне мейрам. Парсы тілінен аударғанда “Жаңа күн” деген мағынаны білдіреді. 5 мыңжылдық тарихы бар делінеді. Қазіргі таңда Əзербайжанда, Қырғызстанда, Тəжікстанда, Өзбекстанда, Түркіменстанда, Түркияда жəне Иранда аталып өтіледі. Былтырдан бастап, Наурызды тойлау жаңа дейгейге шықты. Ұлыстың ұлы күні 10 күн бойы ұлықталуда. Айрықша сән-салтанатымен қарсы алған аймақтардың алды – Жетісу. 21 наурыз – күн мен түн теңелген күні Талдықорғанда “Наурыз керуен” ұйымдастырылды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.