Көксу ауданында Зылиха Тамшыбаеваның 90 жылдығына арналған «Еңбекпен өрілген гүл ғұмыр» атты мерейтойлық конференция өтті. Басқосуда Социалистік еңбек ері, қоғам қайраткері, ел анасы атанған Зылиха Жанболатқызының еңбек жолы, жер анаға деген құрметі мен ұрпаққа қалдырған аманаты мазмұны терең әңгімеге арқау болды. Жиынға Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев қатысып, тарихи тұлғаның өмірлік жолы өзіне қалдырған қазіргі буын мен өскелең ұрпаққа рухани азық екенін атап өтті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






