“Үй алма, көрші ал”, – дейді көреген қазақ… Балпық би ауылының тұрғыны Сағымбек Қарғабаев тыныштығын ұдайы бұзатын көршісімен қырғи қабақ. Іргелес азамат ауласынан ауыл жүк көліктерін жөндейтін орталық ашқан еді. О баста, бірді- екілі көлік кіріп-шығып жатқанда елең қылмағансыды. Соңғы уақытта көліктер көбейген. Ертелі-кеш гүрілдеген техникадан бала-шағасының мазасы қашыпты. Әрі, көк түтіннен де зәрезап болған сыңайлы. Ең бастысы, ауыр техникадан жер жүйелі дірілдеп, үйінің іргетасына зиян келіп жатқанын айтып шағымданды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.