Үкімет Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді орындауға арналған Жалпыұлттық жоспар жобасын мақұлдады. Құжатта елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 12 бағытын қамтитын 96 нақты тапсырма көзделген. Вице-премьер Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің мәлімдеуінше, негізгі іс-шара қатарында “Халықтық құрылыс” жылын бастау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңарту, көлік және энергетика саласының инфрақұрылымын дамыту бар. Сонымен қатар өнеркәсіп пен агроөнеркәсіп кешенін қолдау, жасанды интеллектіні енгізу бағытындағы жұмыстар жалғасын табады. Ал Премьер-министр Олжас Бектенов макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызын атап өтті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






