Алматы қаласында Алматы облыстық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Онда өңір кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтары 180 тоннаға жуық өнім әкелді. Айта кетейік, сатылымға ең көп қойылған тауар түрі: ет пен картоп. Жәрмеңкедегі баға нарықтағы бағадан қанша пайызға төмен? Әкелінген өнімнің сапасы қандай?