Мен қазақтың күйіне құмармын! Алматы қаласында қазақтың қара домбырасын жанына серік еткен күйші бала тұрады. Ұлты түрік. Алғыс айту күніне орай тілшіміз қоңыр үнге құлақ қойып, ұлттық өнердің абыройын асқақтатып жүрген Хақан Айдынмен тілдесіп қайтты.