Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер жолға шықты. Алматы облыстық антикор өкілдерінің бастамасымен мобильді топ құрылды. Түрлі мемлекеттік орган өкілдерінен жасақталған мамандар алғашқы сапарын Қонаев қаласынан бастады. Аталмыш топ жер-жерде азаматтардың проблемалық мәселелерін шешуге тікелей жәрдемдеспек. Яғни бірнеше сала қызметкерлері өңірдің шалғай ауылдарына аралап, жергілікті тұрғындардың құқықтық сауатын арттырып, тегін заңгерлік көмегін береді.