Алматы облысында 2025 жылға дейін 63 мектеп салынады. Бұл туралы облыстық білім басқармасының өкілдері айтты. Игі іс Ел Президентіңнің бастамасымен іске асып жатқан «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында жасалады. Сонымен қатар, «Табысты 50 мектеп» жобасы қосылды. Мақсаты: педагогикалық ұжымның кәсіби әлеуетін арттырып, олимпиадалық қозғалысты енгізу. Сондай-ақ, ұлттық құндылықтар негізінде білім беру жүйесін дамыту үшін жағдай жасау