Жаңа оқу жылында Алматы облысында 5 мыңнан аса орынға арналған 7 мектеп ашылады. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде жаңа форматтағы 27 білім ордасының құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары білім беру нысандарын аралап, құрылыс жұмыстарымен танысты. Қажетті тапсырмалар берді.