Алматы облысында баскетболдан жасөспірімдер арасында чемпионат өтті. 14-15 жас аралығындағы 12 команда қатысты. Қонаев, Үшқоңыр, Талғар командалары үздік шықты. Енді осы команданың ойыншыларынан үздіктері іріктеліп, Алматы облысының командасы жасақталмақ.