Алматы облысында ерекше күтімге мұқтаж 6500-ден аса бала бар. Олардың 85-і Қарасай ауданындағы «RAKYM» оңалту орталығында жартылай стационарда ем алады. Қайырымдылық қор жетекшілігімен орталықта ақпараттық- тәжірибелік және әдістемелік семинар өтті. Шараға өңірдің әр ауданынан мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізіп жүрген мамандар қатысты.