Алматы облысында су тасқыны жағдайын бағалау үшін 42 гидропост қойылды. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бүгінде өзен арналарында су ағыны тұрақты, нормадан төмен екенін хабарлайды. ВИДЕО: Өңір аумағында су тасқыны қаупі бар 20 учаске бар. «Көктем-2024» республикалық оқу-жаттығу шеңберінде 6 су тасқыны қаупі бар учаске жойылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен жиында мамандар мәлімдеді. Айта кетейік, департаментте су тасқыны қаупі күшейсе 1400-ге жуық қызметкер бар. 471 бірлік техника даяр.