Алматы облысындағы 60-тан аса медициналық ұйым санитариялық-эпидемиологиялық бақылау талаптарына сай келмейді. Мекемелердің басым бөлігінде жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша іс-шаралар орындалмайды. Сонымен қатар дезинфекциялау-стерилдеу режимі сақталмайды. Бұл туралы өңірдің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаилов мәлімдеді. Айтуынша, анықталған заң бұзушылықтар бойынша жауапты тұлғаларға 26 млн теңгеге жуық қаржы көлемінде айыппұл салынған. Бірқатарына ұйғарылым беріліп, бірнеше материал сотқа жіберілген.