Елімізде әлеуметтік инспекторлар халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында 347-ден астам тексеру жүргізді. Алматы облысында мұндай 100-ге тарта шара өткізілген. Нәтижесінде 218 бұзушылық анықталып, оларды жою туралы 54 нұсқама беріліпті. Көбіне кемшіліктер Қарасай, Іле, Талғар аудандарында анықталып отыр. Бұл аймақтарда нысандар мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді болмай шыққан. Яғни, орнатылған пандустар талапқа сай емес.