Алматы облысындағы шалғайда жатқан елді-мекеннің бірі – Топар ауылы. Бірнеше жылдан бері Топар өзені тартылып, елді мекенге су жетпей құмға сіңді. Тіршілік нәрінен таршылық көрген жергілікті тұрғындар бұл мәселені аудан, облыс басшылығына айтып-ақ келеді. Осы уақытқа дейін кейінге шегеріліп келген іс басталыпты. Келесі жылы Іледе су мол болса, шалғайда су тапшылығын көріп отырған аймақ нулы өлкеге айналуы мүмкін.