Алматы облысында жұмыс істемейтін мұғалімдерге қаражат төленіп келген. Оқиға Іле ауданында тіркеліпті. Осы фактілер бойынша алты есепшіге қатысты қылмыстық іс қозғалған. Олардың біреуі сотталып, 81 млн теңге залал толығымен өтелді. Қалған күдіктілерге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл туралы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері мәлімдеді. Бүгін әкімдікте өңір басшысының м.а. Нұрлан Әбдірахыммен ведомствооаралық жиын өтіп, онда облыстағы жемқорлық тәуекелдері талқыланды. Бірнеше аудан әкімі есеп берді.