Алматы облысында жыл соңына дейін 19 елді-мекен табиғи газға қосылады. Бұл мақсатқа 28 жоба әзірленіп отыр. Нәтижесінде газдандыру бойынша жылдық көрсеткіш 60 пайызыға жеткізілмек. Алдағы іске асар жұмыстар барысы бүгінгі селекторлық жиында айтылды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары аудан-қалалармен онлайн байланысқа шығып құрылыс, ТҮКШ салаларындағы маңызды мәселелерді талқылады.