Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ана мен баланың құқығын қорғау, отбасылық агрессордың жауапкершілігі күшейтіледі. Енді алдағы уақытта отбасына күш көрсеткен азаматтар жазасыз қалмайды. Жетісу облысы бойынша, жыл басынан отбасылық – тұрмыстық қатынаста 562 құқықбұзушылық тіркелген. Осыған қатысты Текеліде құзырлы орган өкілдері, « қорғау нұсқамасы » санатындағы есепте тұрған тұлғаларды мекен-жайы бойынша тексеріп, профилактикалық жұмыс жүрізді.