Желкенді желмен тербеп, суда ойнап… Қапшағай су қоймасында желкенді спорттан Қазақстанның ашық Кубогы басталды. Республикалық жарыстар Алматы облысында жыл сайын және дәстүрлі түрде өткізіледі. Бұл жолы жарысқа жергілікті спортшылардан бөлек, Қарағанды, Түркістан, Жетісу облыстары мен Алматы қаласынан 50-ден астам яхташы қатысады.