Қарасай ауданының «GÚLNAR BAQ» демалыс және спорт базасы жағажайдағы волейболдан Алматы облысының ашық турнирі өтті. Жарыс Қазақ ССР-нің бірінші басшысы, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, КСРО саяси бюросының мүшесі Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған. Оған 40 қа жуық команда 4 жас ерекшелігі бойынша қатысты.