Қарасай ауданына қарасты бірнеше ауыл мен саяжай тұрғындары он күннен бері ауыз сусыз отыр. Тұрғындардың айтуынша, су проблемасы 12-қаңтарда басталған. Ал, жергілікті билік елді мекендерге су жіберетін құбырдың бір бөлігі аязды күнде қатып қалғанын айтады. Бұл мәселені алдағы күндері түбегейлі жоямыз деп отыр.