Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Табиғи монополияны реттеу комитетінің төрағасы жұмыс сапарымен Қонаев қаласына барды. Асан Дарбаев онда «Қонаев су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының нысандарын аралады. Сондай-ақ су құбыры желілерін жаңғырту жоспарымен танысты.