Жұмыла көтерген жүк жеңіл! Тасқын судан зардап шеккен Атырау облысына Көксулықтар көмек қолын созып жатыр. Белсенді азаматтар бас болып, бүгін 10 киіз үй жөнелтті. Айта кету керек, Мұқыры ауылының тұрғындары Түркия жеріндегі зілзала кезінде де үйсіз қалғандарға 34 киіз үй жіберген болатын.