«Ауыл шаруашылығы оңалмай, азық-түлік қауіпсіздігін түбегейлі шешу мүмкін емес». Қазақстан фермерлер қауымдастығының төрағасы Жигули Дайрабаев осындай пікірде. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының өкілі Талдықорғанда шаруалармен кездесіп, сала проблемаларын талқылады.