Белградта өтетін Әлем Чемпионатында Қазақстан құрамасының 10 балуаны грек-рим күресінен ел намысын қорғайды. Бүгін Еңбекшіқазақ ауданындағы олимпиадалық даярлық базасында спортшылар соңғы оқу-жаттығуын өткізді. Чемпионатқа жолдама алған спортшылар сапында Алматы мен Жетісу облысының балуандары да бар.