Қазан айының соңғы жексенбісі Қазақстанда әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Еліміздің осы саласында 30 мыңнан астам адам еңбек етуде, оның 10 мыңнан астамы – әлеуметтік қызметкерлер. Олар аз қамтылған азаматтарға, мүгедектерге, зейнеткерлерге және халықтың басқа да ОСАЛ топтарына қажетті көмек көрсетеді.