«Аялы алақан». Бүгін Талдықорғанда медицина қызметкерлеріне ескерткіш ашылды. Бұл жаһандық дертпен күресте ел саулығы үшін өз өмірлерін тәрк еткен ах халатты абзал жандарға ел құрметі. Мүсіндік композицияның ашылуына Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, ел зиялылары, медицина қызметкерлері мен пандемия кезінде қайтыс болған сала мамандарының етжақындары қатысты.