Туым – тұғырым, Елтаңбам – елдігім, Әнұран – айбатым! Мемлекеттік рəміздерге деген құрмет балабақша қабырғасында қалыптасады. Ол өсіп келе жатқан ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастырады. Осы орайда, қаладағы мектепке дейінгі білім ошақтарында мемлекеттік нышандар күніне орай шағын ертеңгіліктер ұйымдастырылуда.