Ынтымақтастықта шекара жоқ. Бүгін Талдықорғанға АҚШ тың Алматыдағы Бас консулы Мишел Еркін келді. Ол Қазақстандағы қызметке өткен жылдың 4 тамызында тағайындалған болатын. Оның консулдық аймағына: Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Қызылорда, Түрксітан, Жамбыл және Жетісу облыстары кіреді. Мишел Еркін ханым Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевпен кездесті. Аймақтың геостратегиялық, геоэкономикалық мүмкіндіктерімен танысты. Инвестициялық көкжиектеріне, логистикалық әмбебаптығына қызығушылық танытты.