Бүгін ҚР мәдениет қайраткері, белгілі тележүргізуші Бейсен Құранбектің өмірден өткеніне 2 жыл толды. Арда азаматты қалың қазақ әлі күнге сағына еске алады. Көзден кетсе де, көңілден өшпегені анық. Артында халқы айта жүрер жақсы істері қалды. Жарқын жүзі көрерменінің жадында мәңгі сақталмақ.