Биыл Алматы облысының орталығында жаңа тұрғын үй кешендері қолданысқа беріледі. Жыл соңына дейін 1400-ге жуық адамды баспанамен қамту жоспарланып отыр. Жаңадан тағайындалған Қонаев қаласының әкімі қызметіне бірден кірісіп, салынып жатқан нысандардың құрылыс қарқыны мен сапасын көріп қайтты.