Мықты болсаң дәлелде! Биылдан бастап педагог қызметіне алғаш кіріскелі тұрған мамандар міндетті біліктілік тестілеуден өтуі тиіс. Яғни енді ұстаз атану үшін түлектерге ЖОО-ның дипломы болуы жеткіліксіз. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі мәлімдеді.