Бүгін облыс әкімі Қанат Бозымбаев бастаған зиялы топ Талдықорғандағы Дінмұхаммед Қонаевтың ескерткішіне барып, рухына тағзым етті. Артынша шағын митинг өтті. Облыс әкімі жұртшылықты Қапшағай қаласына ресми түрде Қонаевтың есімі берілуімен құттықтады. Аса көрнекті мемлекет қайраткерінің 110 жылдығына арналған шара ғылыми-танымдық конференцияға ұласты.