Жедел жәрдемге менімен бірге қоңырау шалдым деп айт. Егер олай айтпасаң балаларыңмен бірге қарғыстаймын. Бишімбавтың ісіне қатысты сот отырысында Бақытжан Байжанов Қуандықтың өзіне қалай қысым жасағанын айтты. Бүгін аты шулы экс-минситрдің ісіне қатысты тоғызыншы сот отырысы өтті. Бұған дейін Салтанат Нүкенованың құрбылары мен көмекшілерінен және сарапшыдан жауап алынған болатын.