Еңбек – өмір мәні. 2014 жылдан бері қыркүйектің соңғы жексенбісі еңбек күні болып бекітілді. Содан бері түрлі сала мамандарын айтулы мерекемен құттықтау дәстүрге айналды. Бүгінде үрдіске сай үздіктер құрметке бөленді. Азаматтарға Жетісу облысы әкімінің орынбасары Рүстем Әли алғыс хаттар мен ақшалай сыйлық табыс етті.