Ел игілігі үшін. Еңбекшіқазақ ауданында жаңа амбулатория ашылды. Төле би ауылына мұндай сыйды ауыл тумасы Тавабир Чикаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Тұңғыш Президент күніне орай жасап отыр. Дәрігерлік амбулаторияны өз қаражатына салған. Ауылдағы ағайынның қуанышты сәтіне біздің түсірілім тобы да куә болып қайтты.