Қалаға қараса да, қазақылық қалпын, ұлттың дәстүр салтын берік ұстанған ауыл. Талдықорған қаласымен іргелес Еркін ауылының іргесі қаланғанына биыл – 90 жыл толды. Торқалы тойға толағай табыстармен жеткен Еркіндіктер айтулы күнді демалыста, емін- еркін атап өтті. Салтанатты басқосу болып, арты ат жарыстарына ұласты. Ауыл тұрғындарын елеулі қуаныштарымен Жетісу облысының әкімі бейбіт Исабаев арнайы барып құттықтады.