«Еуропак» сұйық жүк тасымалдау компаниясы алғаш рет Алматыдан Қытайға рапс майы бар «флекси-поезд» жөнелтті. Экспорттық өнімді жеткізу Владивосток порты арқылы жүзеге асырылады. Жеткізу 30-35 күнді алады. Жаңа логистикалық бағыт болашақта отандық тауар өндірушілерге тұрақты экспорттық қызмет көрсетуді жолға қоюға септігін тигізеді. Ірі жобаны бірлесе қолға алған – Қазақстандағы ең ірі көліктік-логистикалық AtasuGroup пен KTZ Express компаниясы.