Алматы облысында жыл басынан 6 ірі дала өрті тіркелген. Тілсіз жау шарпыған аймақтардың дені Балқаш ауданы аумағында болған. Осыған байланысты ТЖД бастамасымен Іле ауданында өрт тактикалық оқу-жаттығуы өтті. Оған 150-ге тарта маман қатысып, төтенше жағдай кезінде іс-әрекеттері мен әдіс-тәсілдерін пысықтады. Жаттығуға тілшіміз Әмина Құдайберген куә болып қайтты.