Жыл басынан күні бүгінге дейін Алматы облысында 417 өрт оқиғасы тіркелген. Құтқарушылар 55 адамды эвакуациялап, аман алып қалыпты. Абырой болғанда, тілсіз жаудан мерт болғандар жоқ. Қауіптің алдын алу мақсатында, бүгін Іле ауданында өрт-тактикалық жаттығуы өтті. Шараға 12 бірлік техника, 50-ден астам маман жұмылдырылды.