Алматы облысы, Іле ауданында жаңа автобус бағыты іске қосылды. Бұл туралы Алматы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өкілдері мәлімдеді. №305 автобус бағыты өңірдегі Шабыт ықшам ауданы, Междуреченск, Чапай, Комсомол, Водник пен Өтеген батыр елді мекендерін автобус қатынасымен қамтамасыз етпек. Бағыттың жылжымалы құрамы 6 қоғамдық көлікті құрайды, ал жүру интервалы 30 минут. Жолаушыларды тасымалдау таңғы сағат 5 жарымнан бастап, кешкі 21:00-ға дейінгі аралықта жүргізіледі.