Елімізде жыл сайын инсульт дертіне шамамен 45 мың адам шалдығады. Өкінішке қарай, науқастар арасында өлім-жітім жоғары. Көрсеткіш 14-18 пайыз. Бұл туралы Алматы облысы дәрігерлерімен кездескен медицина ғылымдарының докторы Ағзам Жұмаділов баяндады. Астанадан келген профессор 30-ға тарта маманға шеберлік сабағын өткізді.