Көксу ауданында орта және шағын бизнеспен айналысатын 4000-ға жуық кәсіпкер тіркелген. Олар өңір экономикасының дамуына өзіндік үлес қосып жатыр. Бұл қатарда «Жиһаз трейд» кәсіпорыны бар. 2010 жылдан бері өңір тұрғындарын жиһаз өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді.