Лимитсіз жылдық абонемент іске қосылса. Елде ақылы жолдарды пайдалану жеңіл болар еді,- дейді талдықорғандықтар. Бұл ұсыныс «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының тұрғындармен өткен қоғамдық тыңдауында айтылды. Басты мәселе «Қапшағай-Талдықорған» автомобиль жолы учаскесіне ақылы жүйе енгізу болған. Осыған байланысты облыс тұрғындары бірқатар ескерту мен ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда, көлік иелері ҚР-ның барлық аумағында ақылы жолдарды бір жыл лимитсіз пайдаланып, оған қолайлы баға бекіту ұсынылды.