Жыры жылдарға жалғасқан кәріз мәселесі. Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылында кәріз желілерін салу жұмыстары 10 жылдан бері тоқтап тұр. Ал, ескі кәріз жүйесінің ауылды толық қамтуға қауқары жоқ. Салдарынан елді мекендегі малдар да қырыла бастаған. Бұлай жалғаса берсе өзіміз де уланып қаламыз –деп, дабыл қағып отыр тұрғындар.