Бүгін Кербұлақ ауданында футбол маусымы ашылды. Осыған орай Малайсары ауылында шағын футболдан облыстың ашық біріншілігі өтті. Оған Жетісу өңірінің әр елдімекенінен 25 команда жиналды. Сонымен қатар бұл доп додасы спорт ардагері Абдұлмәжит Ысқақовты еске алуға арналып отыр.